Бәйдібек ауданында денсаулық нысандары ашылды

600
Жаңа ғимарттардың сыртқы көрінісі

Бәйдібек ауданында соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жарақталған 3 бірдей денсаулық нысаны пайдалануға берілді. Олардың бірі Борлысай ауылдық округіне қарасты, Ақтас елді мекенінде орналасқан.

Жаңа ғимарттардың сыртқы көрінісі
Жаңа ғимарттардың сыртқы көрінісі

Мұнда күн сайын 30 науқасты қабылдап, сапалы медициналық қызмет көрсетуге толық жағдай жасалған. Сонымен қатар, Бөген ауылдық округіне қарасты Жиенқұм елді мекенінде 830 тұрғынға қызмет көрсететін фельдшерлік-акушерлік тірек іске қосылды.

Сондай-ақ, Көктерек ауыл округіне қарасты Ынтымақ елді мекенінде де, 350 тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсететін фельдшерлік-акушерлік тіректер ашылып ел игілігіне пайдануға берілді.