ҚР Президентінің ауыл аумақтарын дамыту және су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысына қарасыт Бәйдібек ауданында 2025 жылы жалпы ұзындығы 40,4 шақырымды құрайтын каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жергілікті мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын басты назарда ұстап отыр. Көтерілген бастамалар мен берілген тапсырмалар дер уақытында орындалуда. Бәйдібек ауданында бүгінгі күнге дейін: «Бекбау» каналы – 9,5 шақырымы, «Қарақожа» каналы – 3,5 шақырымы толық тазартылды. Алдағы кезеңде механикалық тазалау жұмыстары келесі су арналары бойынша жалғасады: Жамбыл ауылдық округі бойынша «Шыбыт» каналы – 1,5 шақырым, «Ақбастау» каналы – 3,0 шақырым, «Қызылсай» каналы – 1,2 шақырым. Ауданға қарасты Боралдай ауылдық округі бойынша: «Қаратас» каналы – 5,0 шақырым, «Жоғары Боралдай» каналы – 8,7 шақырым, «Көктерек» каналы – 8,0 шақырым тазартылатын болады.
Бәйдібек ауданының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында суару инфрақұрылымын жақсартып, ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыра береді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің мол болуы үшін ағынды су каналдарының алар орны ерек. Сондықтан да келер жылға алдын ала дайындық жұмыстары басталып та кетті. Бәйдібектік диқандар үшін алда атқарылар шаруа көп.







