Úı Jańalyqtar Бәйдібек ауданы: Сапалы инфрақұрылыммен қамту басты назарда

Бәйдібек ауданы: Сапалы инфрақұрылыммен қамту басты назарда

фото БАӘБҚ

 

 

Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлерді дамыту әрқашан басты назарда болады, бұл әкімдерге тікелей қатысты және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды жаңартуға, жұмыс орындар ашуға жəне аймақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды басымдықтарды қамтиды, әсіресе ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті қолдау арқылы өңірлерді жаңғырту мен әртараптандыруға ерекше мән беріледі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылуда. Осыған орай, мемлекеттік органдар инфрақұрылымды дамыту бағытында қарқынды жұмыстар атқаруда. Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев мердігер мекемелердің басшыларымен кездесу өткізіп, ауданда атқарылып жатқан және алда жүзеге асырылатын инфрақұрылым жобаларының сапалы әрі уақытылы орындалуын тапсырды. Кездесуде әлеуметтік, инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жобалардың барысы қаралды. Негізгі бағыттар: Электрмен қамтамасыз ету Шыбыт, Жамбыл, Таскүдік, Алғабас, Ағыбет, Жұлдыз, Кеңестөбе, Бірлік, Бейбітшілік

Бестоғай, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Мынбұлақ ауылдары. Аталған ауылдарда сапалы жарықпен қамтамасыз ету үшін бүгінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, ауыз су жүйелерін жаңғырту: Боралдай, Ағыбет, Жамбыл, Түйетас елді мекендері бойынша жоспар түзілуде. Ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Газбен қамтамасыз ету: Кенестөбе, Бәйдібек ата, Жарықбас, Ақтас, Кеңсай, Қошқарата елді мекендері қамтылатын болады. Бүгінде шалғай шеттегі ауылдарға дейін табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді. Алдағы аз ғана жылдарда аудан халқы толық табиғи газбен қамтамасыз етілуі үшін жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтің әлеуеттік жағдайы да назардан тыс қалған емес. Бұқаралық спортты дамыту бағытында спорт нысандары салынып жатыр. Бүгінде Шақпақ ауылында спорт зал құрылысы жүргізілуде. Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев барлық нысандар бойынша жұмыстардың тиісті мерзімде аяқталуын, сапаның басты назарда болуын ескертті.  Басталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатыны айтылды.