Оқушылардың ас-ауқатына ауыз салған

250
оқушылар талапқа сай тамақтана алмай жүр

Шенеуніктер енді оқушылардың асына деп бөлінген ақшаға да ортақтасып отыр. Мектеп асханаларын тексерген мамандар жаға ұстатар осындай жәйттерге тап болған.

оқушылар талапқа сай тамақтана алмай жүр
оқушылар талапқа сай тамақтана алмай жүр

Салдарынан балалардың ас мәзірінде ет, көкөніс пен сүт өнімдері азайып қалған. Сатып алынған азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжат атымен жоқ. Ал, мектептердегі асханалардың 70 пайызының тозығы жеткен, кейбірі кәріз құбырынсыз отыр.

Бұл жағдай балалардың денсаулығына кері әсер етуде. Дәрігер мамандар соңғы кезде елімізде ас қорыту жүйесі бұзылған және артық салмақ қосқан оқушылар санының күрт артып келетінін айтып дабыл қағуда. Ал халық қалаулысы Дариға Назарбаева аталған саланы әбден жемқорлық жайлағанын қадап айтты. Мәжіліс депутатының сөзіне қарағанда, қазір асқазан-ішек жолдарының ауруына шалдыққан оқушылар саны көбейген. Бұл мектептердегі тамақтану сапасының деңгейін көрсетеді деді ол.

Айта кетейік, жыл сайын мемлекет осы мақсатқа 30 миллион теңге бөледі.  Ал Дариға Нұрсұлтанқызы бұл қаржының байқауға қатысқан мекемелер мен білім басқармаларындағылардың қалтасына түсіп жатқанына күмән келтірмейді.