Шымкентте шатырлар ұшып жатыр (бейне)

Таңсәріден жауған жауын Асқаров көшесінің тұрғындарын әбігерге салды. Қатты желдің екіпінен ондағы 41 «А» үйдің шатырын жел ұшырып әкете жаздаған.

Шатыр

 

Қазір 92 пәтерлі үйдің жел көтерген шатыры жартылай жабылып тұр. Тұрғындардың айтуынша, шатырды жақында ғана өздері ауыстырған екен. Бүгінгі төтенше жағдай оны дұрыс бекітпегеннен болды деп отыр.

Шатыр

Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен төтенше жағдай қызметінің өкілдері жүр. Арнайы кран шатырды орнына қойғаннан соң бәрі қалыпқа келеді дейді мамандар.

Шатыр

Абыройға орай, адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ.

Шатыр

Наталья Антонова, тұрғын: «Таңертең ұйқымнан тұрғаным сол еді, даладан тарсыл есіттім. Қорыққаным сонша, жер сілкінісі болып жатыр деп ойладым. Терезеге жүгіріп барып қарасам, үйдің шатырын жел көтеріп әкетіпті. Азаннан бері әбігерге түскендіктен таңғы асымды да ішкенім жоқ».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=boojEee-MXI[/youtube]