Шымкенттегі такси қызметі қанша?

455
такси бағасы тұрақты

 Шымкентте жолақысы қымбаттаған жоқ. Бұл жерде, ең алдымен, қалаларалық жолкірені айтып отырмыз. Алайда қаланың ішіндегі такси қызметінің құны қымбат. Дегенмен, қатып қалған баға жоқ, барлық кезде келісуге болады екен.

такси бағасы тұрақты
Такси бағасы біршама тұрақты

Шымкенттің сыртындағы Бозарық, Достық ауылдары мен Ақжайық, Қайтпас шағынаудандарына қатынайтын көліктің жүргізушілер әр адам басына 150 теңге алады. Сол жақтың тұрғындары бұған үйренген, өйткені, үйлеріне қатынайтын қоғамдық көліктер жоқтың қасы.

 Ұлан Беспаев, Бозарық ауылының тұрғыны: «Күн сайын таксиге мінуге мәжбүрміз. Себебі, автобус жоқ. Тым болмаса екі автобус болса, күніге таксиге ақша құртпас едік. Барып келуіміз 400 теңге болады.»

Ал жүргізушілер жұртшылықтың жайын ойлап, такси құнын көтермедік деп ақталады.

 Ерік Тұрсынәлиев, таски жүргізушісі: «Бензин көтерілгелі біздің алатын бағамыз сол күйі тұр. Алдында 150 теңгеден жүрсек, қазір де сол 150 теңгемен жүреміз. Енді халықты қинаймыз ба? Бағаны 200 теңгеге  көтерсек, бізне ешкім мінбей қояды. Біздікі де нанталап, бала-шаға бар дегендей.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=63IzWanEo1k[/youtube]

Асан Бекбаев қаладағы жекеменшік такси қомпанияларының бірінде қызмет етеді. Еңбекақысы – тұрақты. Сол себепті болар, қаланың қай жеріне барсақ та жолақыны 500 теңгеден асырмаймыз дейді.

 Асан Бекбаев, такси жүргізушісі: «Бізде баға әлі көтерілген жоқ. Қала ішінде – 500 теңге. Ал қаланың сыртына келісім бойынша барамыз.»

Қалааралық қатынас та жолақасын ұстап тұр
Қалааралық қатынасқа жауаптылар да жолақысын бір қалыпта ұстап тұр

Сол сияқты қалааралық автобустардың да жолақысы қалыпты. Қымбаттамаған. Кентау мен Түркістанға автобуспен барсаңыз, 500 теңге төлейсіз. Ал Таразға жету құны – 800 теңге. Алматы автобустарына билетті 2000 теңгеден аласыз.

 Қайрат Танкишев, тасымалдаушы қомпанияның директоры: «Алматыға билет 2000 теңге тұрады. Жалпы, көтеруге болар еді. Бірақ, Шымкентте барлық жерде бәсекелес бар. Екіншіден, халыққа өте ыңғайлы болу үшін баға сол қалпында тұр.»

Расында да Шымкентте қатып қалған баға жоқ. Кез-келген жерден такси ұстап, келісуге болады екен.