Украинаның ұшағы Шымкентке апатты жағдайда қонды

327

Украинаның ұшағы апатты жағдайда Шымкент әуежайына қонуға мәжбүр болды. Қаламыздағы ұшақ алаңына Украинаның «Максимус» әуе компаниясының ИЛ-76 жүк ұшағы кенет қонған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 «2013 жылдың 16-қарашасы күнісағат 23:30-да чартерлік рейстегі ИЛ-76 ұшағы қонды. Ол Шымкенттен Абу-Дабиға бет алған. Ұшаө әуежайдан сағат 23:07-де ұшып шыққан» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда анық болғаны сол – ұшып шыққан әуе көлігінің алдың шассиінің жабылмағаны туралы дабыл көтерілген. осыған байланысты ұшақтың командирі қайта қонуға шешім қабылдайды. Ұшақтың бортында 8 экипаж мүшесі мен 6 жолаушы болған. Жолаушылар Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары болып шықты. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жүріп жатыр.