Әйелін ұрғандар түрмеге қамалады

322
Қоғамдық қабылдау

Бұдан былай жұбайына қол көтергендер қатаң жазаға тарыталады. Тіпті, абақтыға да жабылады. Полиция қызметкерлері осылай дейді. Таяуда Шымкентте әйелдерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесіне қатысты қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдау
Қоғамдық қабылдау

Қоғамдық қабылдау таңертеңгі  сағат 10:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін Шымкенттегі барлық учаскелік полиция бекеттерінде өткізілді. Бірден айта кету керек, қоғамдық қабылдауға халық көп жиналмаса да, барлық учаскелік бекеттер бос болған жоқ. Ашық есік күнінде полиция қызметкерлерімен қоса аудандық әкімдіктің өкілдері мен көше комитетінің төрайымдары, ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысып, жәбірленушілердің мұң-мұқтажын тыңдады.

Бақтыгүл ісіп кеткен бет-жүзін жасыру үшін көзілдірік тағуға мәжбүр
Бақтыгүл ісіп кеткен бет-жүзін жасыру үшін көзілдірік тағуға мәжбүр

Солардың бірі – Абай аудандық полиция бөлімінің № 6 учаскелік бекетіне келген Бақтыгүл есімді азаматша. Ол осы уақытқа дейін жұбайынан таяқ жеп келгенін айтады. Күйеуі біраздан бері үйінен кетіп қалып, қонбай жүр екен. Мұнысымен қоймай, тыныш кетпей, анда-санда келгенде қол көтереді екен. Мұны Бақтыгүл тәртіп сақшыларына жыламсырап отырып айтып берді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cE0qd78bfyM[/youtube]

Бақтыгүл бұған дейін шыдап келгенін айтады. Отбасымның шырқын бұзбай-ақ қояйын, жұбайымның ақылы кіріп, қайтып келер деп үміттенгенін мойындайды. Алайда, соңғы келгенінде күйеуі мұның атындағы несие карточкасынан ақша алып, қарыздар етіп кеткенде шыдамы таусылғанын айтады. Ал тәртіп сақшылары бұл тұрғыда тиісті шара қолданатын жеткізді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=nD8q6H9Dqzs[/youtube]

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, соңғы кездері әйелдерге қол көтеру фактілері біршама көбейген. Бұл тұста, біріншіден, қыз-келіншектердің де әлеуметтік сауаты артып, өздерін-өздері қорғауға бас көтере бастағанын алға тартады. Яғни, бұған дейін «басы жарылса, бөрік ішінде, қолы сынса, жең ішінде» болып келген нәзік жандылар енді өздерінің намыстарын қорғауға дайын екен.

Жалпы, әйелдерге қол көтерген азаматтарға негізінен айыппұл салынады. Дегенмен, жұбайының алған жарақатына байланысты бірден 10 тәулікке абақтыға қамалатындары да жеткілікті. Ал бұған қарамай, тағы да жыны қозса, 45 тәулікке дейін түрмеге жабылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=nxmuOFPDFsY[/youtube]

Көше комитетінің өкілдері, полиция қызметкерлері мен әкімдік мамандары
Көше комитетінің өкілдері, полиция қызметкерлері мен әкімдік мамандары