Арт-фестивальдің бас жүлдесі Оралға кетті

334
Тараздық озат оқушылар үздіктер қатарында

 Қазақстандағы 15 бірдей Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік өнер иелері анықталды. Алғаш рет Шымкентте өткен арт-фестивальдің жеңімпаздары сый-марапатқа ие болды. Сонымен, «Үздік әлеуметтік ролик» бағытының гран-приін Тараздың оқушылары иемденді. «Үздік арт-фото» бағыты бойынша жеңімпаз Талдықорғаннан келген зияткерлік мектептің оқушылары деп танылып отыр. «Үздік қолөнер» бағыты бойынша Шымкент қаласының шәкірттеріне жетер ешкім болған жоқ. Ал «Мюзикл жанрындағы қойылым» аталымында бас жүлдені Ақтөбе қаласының жеткіншектері жеңіп алды. Бұл шәкірттер осы сайыста «Қобыланды батыр» драмалық қойылымын ұсынған екен.

Қайсар Жолдыбаев, Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: «Қарсыластарымыз да осал емес, олар да талантты, дарынды. Әрине, оларды озу оңайға түскен жоқ. Ал қойылымда әрбір бала өзіне берілген рөлде толық ойнап, ешқандай қатесіз сомдады. Мен осы рөлде автор ретінде және соңында осы күллі Алашқа өз жүрекжарды жырымды арнайтын бала болып ойнадым. Қазіргі қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын, бұл – бір менің ғана емес, сыныптастарымның еңбегі. Ал еңбекті бағалаған қазылар алғысына алғысым шексіз.»

Арт-фестивальдің жеңімпаздарына арналған сый-тартулар
Арт-фестивальдің жеңімпаздарына арналған сый-тартулар
Үшінші орындарды марапаттау шарасы
Үшінші орындарды марапаттау шарасы
Жеңімпаздар сапта
Жеңімпаздар сапта тұо
Еліміздің 15 қаласынан келген педагогтар мен ата-аналар
Еліміздің 15 қаласынан келген педагогтар мен ата-аналар
Бас жүлде иегерлері облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков марапаттады
Бас жүлде иегерлерін облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков марапаттады
Оқ бойы озық шыққандар сахнада
Сахнада – оқ бойы озық шыққандар
Тараздық озат оқушылар үздіктер қатарында
Тараздық озат оқушылар – үздіктер қатарында
Талдықорғанның шәкірттері "Үздік арт-фото" аталамын жеңіп алды
Талдықорғанның шәкірттері «Үздік арт-фото» бағытын бағындырды
"Арт-фестивальге" Назарбаев мектептерінің 600-ге тарта оқушысы қатысқан
«Арт-фестивальге» еліміздегі Назарбаев мектептерінің 600-ге тарта оқушысы қатысқан
Шымкенттік шәкірттер де гран-приден шет қалмады
Шымкенттік шәкірттер де Гран-приден шет қалмады 
Талдықорған, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептері жоғары бағаларға ие болды
Талдықорған, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептері жоғары бағаларға ие болды
4 күнге ұласқан өнерлі шәкірттер фестивальі тәмамдалды
Төрт күнге ұласқан өнерлі шәкірттер фестиваль осылайша тәмамдалды

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cVX-ched9Hs[/youtube]