Úı Jańalyqtar Полиция қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді

Полиция қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді

Тәртіп сақшылары ерінен зәбір көрген азаматшаның арызын тыңдап отыр

Бүгін Шымкентте тәртіп сақшылары қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. Сағат таңғы 10:00-ден кешкі 18-ге дейін тұрғындардың жергілікті полиция бөліміне келулеріне болады. Мұндағы мамандар тұрғындарға ақыл-кеңестерін айтып, қажет болса, көмектерін беруде.

Тәртіп сақшылары ерінен зәбір көрген азаматшаның арызын тыңдап отыр
Тәртіп сақшылары ерінен зәбір көрген азаматшаның арызын тыңдап отыр

Ашық қоғамдық қабылдау өткізудегі мақсат — әйелдерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғау. Қабылдауға жергілікті көше ұйымдары мен аудандық әкімдіктің өкілдері де келген. Айта кету керек, бұрынғыдай емес, қазіргі таңда әйелге әлімжеттік жасағандарға кесілетін жаза қатал.