Сарыағашта бірнеше әлеуметтік нысан ашылды

664

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов Сарыағаш ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысты. Аталған ауданда биылғы жылдың ішінде бірнеше әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Атап айтқанда ауданда орта мектеп, 4 денсаулық сақтау нысаны ашылып, жұмыс жүргізуде.

Қапланбек, Жартытөбе ауылдық округтерінде ауызсу жүйелері, Дербісек ауылдық округіндегі Ұйымшыл елдімекенінде электр жүйелері жаңартылды. Ал бүгін Жібек жолы ауылдық округі Қарабау, Жаңақұрылыс елдімекендеріндегі 303 отбасы, Қапланбек ауылдық округі Ташқұлақ, Зақ елдімекендеріндегі 330 отбасы және Ошақты ауылдық округінің Еңбек, Жетітөбе, Береке елдімекендерінің тұрғындары табиғи газбен қамтылды.

Көптен күткен алау тұтанған сәт
Көптен күткен алау тұтанған сәт

Ал Сарыағаш қаласында қайта құру жұмыстарынан өткізілген №3 жатақханасынан «Тұрғын үй» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған 24 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Сондай-ақ, Біртілек, Ақтөбе ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулатория, Қапланбек ауылдық округінде фельдшерлік акушерлік пункт, Ақтөбе, Жүзімдік, Біртілек Тегісшіл, Ошақты, Қошқарата, Жылға, Жібек жолы, Қапланбек, Дербісек, Құркелес, Қызылжар ауылдық округтерінде малды қолдан ұрықтандыру бекеттері ашылды.

Дереккөз: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі