Жанкүйерлер шетелдік футболшылардың көбеюіне қарсы

358
Команда мүшелері біртендеп демалыстан шығуда

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы кезекті ел чемпионатына дайындалуда. Таяуда футболшылар мен бапкерлер тілшілермен бас қосып, бірқатар сауалдарға жауап берді. Желтоқсанның 15-нен бастап жергілікті ойыншылар алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті.

Команда мүшелері біртендеп демалыстан шығуда
Команда мүшелері біртендеп демалыстан шығуда

Ал бас бапкер мен легионерлер командаға Түркияда өтетін жиында қосылады. Оның үстіне жиын барысында клуб президенті Берік Омарбеков тілшілерді Қуаныш Қарақұловпен таныстырды. Жас маман келесі жылы «Ордабасыда» аға бапкер қызметін атқаратын болады. Жалпы, команда құрамы аса өзгере қоймаған. Гафуржан Суюнбаев «Ертістен» қайта шақырылған, тек Таңат Нөсербаевпен әлі де болса келісім-шартқа қол қойылмапты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fTP3qnvs7b8[/youtube]