Қақаған қыста жылан шықты

1538

Шымкентте күтпеген жағдай орын алды. Қыстың көзі қырауда Тассай шағынауданындағы үйлердің біріне жылан кіріп кеткен. Күтпеген кезде пайда болып, адамдардың зәресін алған бауырымен жорғалаушының қалай тіріліп кеткені белгісіз. Өздері ұстауға қорыққан үй иелері дереу құтқарушыларға хабар береді. Маман тез арада оқиға болған жерге келіп, жыланды ұстап алды. Одан кейін банкіге салып, өздерімен бірге алып кеткен. Көпті көрген құтқарушылардың өздері қыста жыланның пайда болғанына таңқалып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JvCqVxsWC1k[/youtube]

Енді құтқарушылар жыланды зообақтың мамандарына тапсырамыз дейді. Айта кету керек, ұзындығы бір метрге жуық жылан усыз болып шыққан.