Қарабұлақта 12 волейбол, 15 футбол командасы бар

423
Қарабұлақтың әр көшесінде волейболдан өз құрамасы бар екен

Бір ауылда спорттың екі түрінен федерация ашылуы – Оңтүстік өңірі үшін үлкен жаңалық. Өйткені, кейбір ауылдарымызда федерация былай тұрсын, қарапайым жаттығатын орындар да жоқ. Ал Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында өздерінің ауыл чемпионаты өтеді. Бұл күндері жарыс басталып, енді біріншілік сәуір айына дейін жалғасады. Күнделікті ойындарда чемпиондар анықталуда. Ауыл додасына 12 команда қатысып жатыр.

Қарабұлақтың әр көшесінде волейболдан өз құрамасы бар екен
Қарабұлақтың әр көшесінде волейбол командасы бар

Ауылды жердегі волейбол ойынына 500-ден аса жанкүйер жиналмайтын. Алайда, Қарабаұлақ ауылында спорттың бұл түріне деген көзқарас өзгеше. Бір ауылдың өзінде волейболдан 12 команда бар. Әр көшенің өз құрамасы бар дейді федерация төрағалары.

Әр бір ойында спорт залы жанкүйерге лық толады
Әр ойында спорт залы жанкүйерге лық толады

Бұл жолы Қарабұлақ жанкүйерлері республикалық турнирдің куәсі болып отыр. Тараздан, Түркістаннан және Шымкенттен қонаққа командалар келіпті. Жарыстың алғашқы кездесуінде Оңтүстіктің қауіпсіздік комитетінің және Тараздың волейболшылары кездесті. Алғашқы партияның өзінде-ақ шымкенттіктер алға шықты.

Шымкенттік команда Тараздан келген қонақтарды ойсырата жеңді
Шымкенттік команда Тараздан келген қонақтарды ойсырата жеңді

Республикалық жарыстан бөлек мұнда ауыл чемпионаты да өтуде. 12 команда сәуір айына дейін жеңімпаз анықталатын болады. Спорттың бұл түріне деген қызығушылықтың арқасында Қарабұлақтың жастары облыс құрамасынан да өз орнын табуда.

Қайнар Омаровтың мақсаты облыс намысын қорғайтын шәкірт дайындау
Қайнар Омаровтың мақсаты – облыс намысын қорғайтын шәкірт дайындау

Қайнар Омаров, волейбол жаттықтырушысы: «Біздің басты мақсатымыз – жақсы волейболшылар дайындау. Қазірдің өзінде шәкірттеріміз республикалық жарыстарға барып, жүлделі болуда. Бұл да болса біз үшін жақсы жетістік. Еңбегіміздің жемісі. Облыс құрамасына волейболшылар дайындап, ауыл спортын көтертсек, бізге одан асқан бақыт жоқ.»

Алғашқы кездесуде шымкенттіктер Тараздың құрамасынан басым болды

Бұл доданың қорытындысы бойынша Қарабұлақтың жастары бірінші орыннан көрінді. Ал қауіпсіздік комитетінің волейболшылары екінші орынға шықса, алғашқы үштікті тараздықтар қорытындылады. Жарыстың үздік волейболшысы атағына Руфат Саидов ие болса, Мұхтар Пернебаев та шеберлігімен көзге түсті.

Бұл жолғы ашық біріншілікте алаң қожайындары үздік танылды
Бұл жолғы ашық біріншілікте алаң қожайындары үздік танылды
Жеткіншектермен қатар ауыл ақсақалдары да жарыстан қалмайды
Жеткіншектермен қатар ауыл ақсақалдары да жарыстан қалмайды
Қарабұлақ чемпионатында 12 команда сынға түсуде
Қарабұлақ чемпионатында 12 команда сынға түсуде 

Қарабұлақ ауылында волейболмен футболдан арнайы федерация жұмыс жасайды