Қазиев көшесінің тұрғындары қалаға қатынай алмай отыр

319

Шымкенттегі Қарауылбек Қазиев көшесінің тұрғындары қалалық жолаушылар тасымалын ұйымдастыратын мекеменің жұмысына көңілдері толмайды. Таяуда қоғамдық көліктердің бағытын жүйелейтін кез келді деген наразы жұрт көшеге шықты. Бүгінгі таңда мұндағы халық Рысқұлов пен Арғынбеков көшелерінің арасында байланыссыз қалып отыр. Көп жылдан бері жүріп келген № 77 қоғамдық көлік бағытын өзгертіп жіберіпті.

Қарауылбек Қазиев көшесінен жүретін № 77 бағытты алып тастаған жауапты мамандар оның орнына № 31 бағыттағы автобусты жүргізген. Алайда, жыл құсындай жылт ететін автобустың бүгінде қарасы да көрінбейді деп кейиді көпшілік. Асанбай Асқаров атындағы мектептің оқушылары жауын-шашында жаяу жүруге мәжбүр. №33 және 29 бағыттардан да қайран жоқ. Онда жолаушы көп, оқушылардың отыруы қиын дейді халық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gYJ27kU5Cg4[/youtube]

Қарауылбек Қазиев көшесінде бір сағат бойы тұрған уақыттың ішінде түсіру тобы толазсыз жүріп жатқан жолаушылар көлігін көрді. Өкініш орай, оның бірі лық толы болса, енді бірінің бағыты жолаушылар үшін ыңғайластырылмаған. Мұндағы халыққа қала орталығына жету үшін бір емес, бірнеше рет көлік ауыстыруға тура келеді. Ал көлік бөліміндегі басшылар жүріп жатқан № 77 бағыттағы Газельдерді автобусқа алмастырамыз дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=p4HW2GxKDh8[/youtube]

Енді мұндағы тұрғындарға осы өзгерісті күту ғана қалды.