Елбасының жолдауын жүзеге асыру – міндет

305
Елбасы Жолдауы талқыланды

«Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдары Елбасының жолдауын негізге алып, атқарылатын іс-шаралар жоспарын түзуде. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының белсенділері жолдаудағы міндеттерге қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Елбасы Жолдауы талқыланды
Басқосуда Елбасы жолдауы талқыланды

Әлихан Жақсылық , ОҚМФА студенті: «Медицина саласына келсек, әрине, біз білікті маман болуымыз керек. Қасымыздағы құрбы-достарымыз күйзеліске ұшырап жатады. Мәселен, ҰБТ, сессия кезінде ойдағыдай баға алмағандар өздеріне қол жұмсауға әрекеттенеді. Ал біз оларға  қолдау көрсетіп, суицидтің дұрыс еместігін түсіндіруіміз қажет.»

Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, әр саланы қамтыған жолдаудағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді жолдарын аға буын өкілдері жастарға түсіндіруден жалықпаған. Бұл жолы «Нұр Отан» партиясының өкілдері жиналғандарды медицина саласындағы мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NhDRZDvalJA[/youtube]

Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы: «Елбасы атап өткендей, өз жерімізде өсірілген өнімдерді өзіміз өндіруіміз қажет. Сіздер – болашақ фармацевтсіздер, сондықтан дәрі-дәрмектерді шетелдерден сатып алмай, отандық препараттарды жасауға көшуіміз керек.»

Елбасының масылдық пиғылдан арылу қажет деген пікірін де жастар қолдайды. Ол үшін таңдаған мамандығымыздың қыр-сырын меңгеріп, білімімізді ары қарай жетілдіру қажет деп есептейді болашақ дәрігерлер. Заман талабына сай үнемі ізденісте болу – дамудың жолы.