«Ордабасының» оқу-жаттығу жиыны жалғасуда

457

Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы екінші оқу-жаттығу жиынында жүр. Бұл жолы да футболшылар Түркияға жол тартты. Алғашқы дайындықтың қорытындысы бойынша клуб басшылығы Дәуренбек Тәжімбетов пен Павел Черный екеуімен ғана келісім-шарт жасасқан. Енді тағы 20 күн бойында өзге футболшылар іріктеуден өтеді. Шетелде жүрген аяқдопшыларымыз алғашқы ойынын Украинаның «Ильичевец» командасымен өткізеді. Жалпы, оқу-жаттығу жиыны барысында 6 жолдастық кездесу ұйымдастырылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bwo-fg9yRtY[/youtube]