Шатырын жел ұшырған үйге су ағуда

Асанбай Асқаров көшесінің бойындағы 41 «А» үйдің тұрғындары «әлемдік жылынуға» тап болғандай. Қалың қар мен жаңбырға шыдамаған пәтерлердің ішіне су ағуда. Сорғалаған су 4-қабатты толықтай басып, 2-қабатқа да жеткен. Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын қатты желдің салдарынан 4 қабатты үйдің оң жақ бөлігіндегі шатыр ұшып кетіп, үйдің төбесі содан бері ашық қалған болатын. Ескіні жамаймыз деп есі кеткен тұрғындар енді көшуден басқа амал таппай отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4sDJhuoXwFs[/youtube]

92 пәтерлі көпқабатты үйден қазір 3 отбасы көшіп кеткен. Өйткені, мынадай жағдайда өмір сүру мүмкін болмапты. Мәселенің мұншалықты ушыққанын оқиға орнына дереу жеткен Абай аудандық әкімдігінің өкілдері 41 «А» үйдің тұрғындарының өздері өткен жылы ұсынылған мемлекеттік жаңарту бағдарламасынан бас тартқан деп отыр.

snapshot20140124185725

Төбеден сорғалаған судан ығыр болған үй тұрғындары шаршаса керек, биыл осы аталған жаңарту бағдарламасына қатысуға құлшынып отыр. Сөйтіп, іргетасы 30 жыл бұрын қаланған көпқабатты үй 2014 жылы жаңғыртылатын 30 үйдің қатарына қосылмақ. Ал дәл қазіргі таңда әкімдіктегілер төбесі ашық тұрған үйге шатыр орнатып беруді ойластырып жатыр.

snapshot20140124185733

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Сол кезде қажетті қол жиналмаған да. Сосын біразы қарсылық білдірген. Қазір, көріп отырсыздар, бұлар желтоқсан айында хаттамаға қол қойып, біз енді бұл үйді бағдарламаға кіргізіп отырмыз. Бірінші кезекке қоюға тырысамыз.»

snapshot20140124185739