Болат Жәмішов: «Жер қатынастары заңын Оңтүстікке арнап жазамыз»

409

Елордадан облысымызға іс-сапарымен келген республикамыздың өңірлік даму министрі Болат Жәмішов Шымкенттегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында шаруалармен кездесті. Жиында игерілмеген жер  мәселесі кеңінен қаралып, оны субарендаға беруге тыйым салу да сөз болды.  Жергілікті мамандардың пікірінше, еліміздің аумағындағы жер қатынастарын баршаға ортақ бір заңмен реттеу мүмкін емес. Себебі, кең байтақ даламыздың әр өңірінде ауа райы өздігінше құбылады. Соған байланысты жерді игеру мерзімі де ауыспалы екен.

Осы орайда Болат Жәмішов «Жер қатынастары жөніндегі заңды Оңтүстікке арнап жазатын боламыз. Өзге өңірлер сол заңға бейімделсін. Сіздер бізді Астанадан келген, заңдарды тек солтүстікке арнап жазады деп ойлап жүрсіздер ме?» деп күлді.

ada

Сонымен қатар министр мырза «Елбасы біздің осы мәселе бойынша Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен кетіп бара жатқанымызды білгенде «Қайтесіңдер Солтүстікке барып? Жер мәселесі жөнінде толыққанды ақпар алғыларың келсе, Оңтүстікке барыңдар. Онда жерге қатысты мәселелер шаш етектен» деп, жұмыс тобына жол сілтегенін айтты.