Қазір ғана белгілі болған ақпарат. Облыстық төтенше жағдай департаментінің басшылығы ауысты. Осы департаментті бұған дейін басқарып келген Уәлихан Ережепов өз еркімен қызметінен кетті. Оның осы уақытқа дейін еткен еңбегін ескерген министр марапаттау қағазын табыстады. Ережеповтың орнына енді департаментті Александр Путейко басқарады.
Жаңа басшысы Қазақстанның төтенше жағдай министрі Владимир Божко таныстырды. Александр Путейко бұған дейін осы департаментке қарасты өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары мекемесін басқарып келген болатын. Бұл жиналысқа Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов та қатысты.