2-сәуір – балалар кітабының халықаралық күні

Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай 2-сәуір – балалар кітабы күні болып жарияланған. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында түрлі байқаулар, конференциялар ұйымдастырылады.

1

Кез келген адам өмірдегі орны мен таңдаған мамандығын бала кезіндегі оқыған, санасында шегеленіп қалған кітаппен байланыстыратыны белгілі. Шымкенттегі А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы осы айтулы күні кішкентай оқырмандар арасында «Кітап – сарқылмас қазына» атты білім сайысын өткізді.

3

Сайысқа қала мектептерінен іріктеліп алынған үздік оқитын, іс-шараларға белсенді қатысатын 6-7 сынып оқушылары қатысты.

5

Алдымен қатысушылар өздерін таныстырды. Содан кейін ақындардың кітап туралы жазған өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.

4

Сұрақ-жауап сайысында берілген сауалдарға дұрыс жауап беріп ғана қоймай, орыс, ағылшын тілдеріне аударып, алғырлықтарын танытқан оқушылар да болды.

6

Жас алғырлар ұлттық салт-дәстүрге байланысты ойларымен бөлісіп, көрермендер сауалына жауап берді.

6f

Балалардың бос уақытта ғаламторға телмірмей, кітап оқитыны көрініп тұр. Білім бәсекесінде бақ сынағандар бірінен-бірі өтеді.

7

Әділқазылар үздікті анықтау үшін ұпайлары бірдей болып тұрған балаларға қосымша сұрақтар берді, ой-өрісін байқады.

8

Сайыс нәтижесінде ІІІ орын Берік Лесбекке бұйырса, ІІ орынды Парасат Тұрысбекова жеңіп алды. Ал І орынды №26 мектептің 7-сынып оқушысы Тәуіржан Мақұлбек иеленді.

9

Жанар Сауғамбаева, кітапхана директоры: «Балалар кітапханасы болғандықтан бұл күн – біздің төл мерекеміз болып табылады. «Кітап – өмір ұстазы.» Сондықтан әр бала кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруы тиіс. Кітап оқымай, өмірді тану, білім алу мүмкін емес» деп Серке Қожамқұлов айтқандай, кітаптан әрбір адам нәр алады. Бүгінгі таңда біздің 370 мыңға жуық кітабымыз бен 27 мыңнан астам оқырманымыз бар. Сендерді де кітаппен дос болуға шақырамын»

10

Балалар жазушысы болу оңай емес. Жас өрендердің дүниетанымына сай келетін дүние ұсыну кез келген автордың қолынан келе бермейтіні де сондықтан. Ендеше, балаларға арналған кітаптардың авторлары мен балалар кітапханасында еңбек ететін барлық кітапханашыларды мерекелерімен құттықтаймыз!

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qPvczgpw_pk[/youtube]