Банк ВТБ (Қазақстан) кредиттік желі аясында Ақмола облысындағы ең ірі компанияларының бірі – «Молоко Синегорья» «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС 339,8 млн.теңге сомаға кезекті траншты көрсетті. Қаражат инвестицияны жүзеге асыруға және айналым қаражатты толтыруға жіберілді.
Марлен Мухамеджанов, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Филиалының директоры Көкшетау қ.: «Банк ВТБ (Қазақстан) елдің өңірлерінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді белсенді қаржыландырады. «А.П.Милланд» ЖШС (бұрын – «Агропродукт Азия» ЖШС) компания тобына кіретін «Молоко Синегорья» «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС 2013 жылдан бастап қаржыландыруды жүзеге асырады. Кредиттік желі 3 жыл мерзімге 3 млрд. теңге мөлшерінде ашылды».
«Молоко Синегорья» «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС өнімді 20-30 % дейін Ресей Федерациясына шығару үлесін көбейтуді жоспарлап отыр. Компания қышқыл сүт (айран, кейін йогурт) өнімдерін өндіруді, сонымен қатар пэт-бөтелкелерге сүтті құю бойынша шешімді іске асыру арқылы ұсынылған өнімнің түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Банк ВТБ (Қазақстан) болашақта компанияның даму жолдарын және ынтымақтастықтың барлық көріністерін бағалай отырып, әрбір қарыз алушының бабын тауып, қаржыландырудың қолайлы кестесін ұсынады. Банктің мамандары компанияның қажеттілігін талдайды және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары өз бизнестерін жүргізетін компаниялары үшін – құжаттамалық операцияларды және сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үшін ең тиімді кестелерін ұсынады.