Úı Oqys oqıǵa Шымкентте жүк пойызы адамды басып кетті (видео)

Шымкентте жүк пойызы адамды басып кетті (видео)

Оқиға болған жер

Теміржолда тағы да тосын жағдай! Бүгін таңғы уақытта Шымкенттегі Жангелдин көшесінің маңынан өтетін теміржолда жас шамасы 60-65-тегі ер кісіні жүк пойызы қағып кетті. Соның салдарынан ер кісі теміржолдың үстінде мерт болған. Оқиға орнына барлық жауапты құрылымның -теміржол қызметі, полиция, құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері мен әкімшілік қызметкерлері келді.

Оқиға болған жер
Оқиға болған жер

Мамандардың айтуынша, оқиға болған жер — ең қауіпті аймақтың бірі. Шымкент-Қорғасын, Шымкент-Қызылсай өткелдері қауіпті аймақтар. Өйткені, теміржолдың бойында тұрып жатқан тұрғындарға түсіндіру жұмыстар жүргізілсе де қайғылы оқиға жиі орын алады дейді мамандар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=AjB-h0gLtm0[/youtube]