«Театр көктемі – 2014» фестивалі

1056

Облыста «Театр көктемі 2014» фестивалінің салтанатты ашылуы облыстық опера және балет театрында өтті. Сәуірдің 2-не басталған дәстүрлі шара сәуірдің 4-не дейін жалғасты. Шараға қатысып отырған облысымыздың 8 театры репертуар қоржынындағы үздік қойылымдарын ұсынды. Өнер ұжымдарының спектаклі Шымкент шахарындағы театрларында өтті.

IMG_5866

IMG_5874

IMG_5878

IMG_5861

Әшірбек Сығай, театр сыншысы: «Құрметті театрсүйер қауым! Барлығыңызды дәстүрлі театр фестивалімен құттықтаймын! Қыстан кейінгі отшашулық мереке құтты болсын! «Фестиваль» сөзінің мағынасы – мереке. Сондықтан бүгінгі бастауын алған фестиваль тек мерекелік күйде өту тиіс. Бұл – бірі-бірімізді жақындастыратын мереке. Қарап отырсақ, облыстағы 8 театрға 1 ғана театр жетпейді екен. Ол – би театры. Егер осы өнер ошағы ашылса, Шымкент Алматыдан кем болмайды. Бүгінгі өтіп жатқан шараға қолдау көрсетіп отырған жергілікті билікке алғысымды білдіремін.»

IMG_5892

IMG_5876

IMG_5860

IMG_5857

Салтанатты түрде ашылған фестивальді бағдарлама бойынша облыстық опера және балет театрының өнер ұжымы Сұлтан Махмұт Торайғыровтың романы негізіндегі екі актілі «Қамар Сұлу» операсымен бастады.

IMG_5919

IMG_5916