Қарт әжей өзіне өзі қол жұмсамақ болды (видео)

333

Таяуда полиция қызметкерлері төтенше жағдайға тап болды. Тәртіп сақшыларына адам өмірін келеңсіз жағдайдан арашалап қалуға тура келді.

004

Бұл оқиға түн ішінде орын алды. Қабанбай батыр даңғылындағы үйлердің бірінің тұрғыны полиция қызметкерлері хабарласады. Айтуынша, көрші пәтердегі қарт әжей пәтерінің есігін іштеп іліп алып, ешкімге ашпай отыр. Мұнысымен қоймай үйдің ішіне табиғи газ жіберіп, жарамын деп қорқытыпты. Полиция қызметкерлері дереу құтқарушылар мен газ таратушы мамандарға хабар береді.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=VT5ywP67NuQ[/youtube]

Арада бірнеше минут өткен соң құтқарушылар мен газ саласының мамандары келді. Полиция қызметкерлері есікті қаққанымен, іштен ешкім жауап бермеді. Сондықтан, құтқарушылар есікті бұзып ашуға кірісті. Ал «ҚазТрансГаз» мамандары пәтерді газдан ажыратып тастады.

Осы уақытта құтқарушылар есікті ашып, барлығы ішке енді. Абырой болғанда әжей аман, төсекте жатыр. Газ плитасын ашпапты. Жәбірленушіге жедел жәрдем дәрігерлері көмек көрсетті. Анық болғаны, бұл келеңсіз жағдай отбасылық жанжалдан кейін орын алыпты. Қазіргі таңда 80 жастағы әжейдің жағдайы бірқалыпты.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=6kjJkY8rw50[/youtube]