«Энергоорталық» – жыл үздігі

234

Еңбек еленді. «Энергоорталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы бірнеше марапатқа ие болды. Сарапшылар серіктестіктің өткен жылғы жұмыстарын сараптай келе мекемені үздік жылу беруші компания деп таныды.

Осылайша «Жыл үздігі» номинациясына ие болған серіктестік Ұлттық бизнес рейтингісінде де көш бастады. Жеке тұлғаға салық төлеуде өзгелерге үлгі бола білген ұжымның есеп-қисап жасау тәсілі озық деп табылды. Осылайша мекеме кеден Одағының жеңілдіктеріне қол жеткізді.