«Керхер» – әлемде теңдесі жоқ тазалау өндірісінің көшбасшысы

309

«Керхер» орталығының Шымкентте ашылғанына бір жыл толды. 12 айдың ішінде тұрақты жұмыс, жоғары сапа ұсына білген неміс тұрмыс және кәсіби техникасы өз тұтынушыларының көңілінен шығып үлгерді. Орталық бір жылдығын көппен бірге атап өтті.

Жаны тазалық пен ұқыптылыққа құмар жандар «Керхер» орталығы Мастерклинға жүгінеді. Аса танымал бренд иесінің өнімі кез-келген тұтынушының қалауын тауып, көңілінен шығады. Мұнда шаңсорғыш, сорғы, суғару жүйесінің құрылғысы және ірі компаниялар мен үйлерді тазарту құралдарының мол таңдауы бар. Бағасы да қалтаға қонымды.

Денис Земан, Қазақстандағы «Керхер» компаниясының бас директоры: «Неміс өнімінің сапасын кез-келген адам мойындайды. Бұл – бұрыннан келе жатқан үрдіс. Компания 35 жылдан бері қызмет етіп келеді. Оның негізін қалаушы Альфред Керхер ең бірінші болып, жоғары қысымды құралдарды қолдана бастаған. Сондықтан барлық құрылғы керхер деп аталады.»

«Керхер» – әлемде теңдесі жоқ тазалау өндірісінің көшбасшысы. Мастерклин сауда белгісінің Шымкенттегі дилерлік орталығының Париж, Мәскеу, Лондондағы компанияның дилерлік орталықтарынан айырмашылығы жоқ. Мұнда да жоғары сапалы техникалық тазалау құрылғыларын табасыз әрі сапалы қызметке ие болып, кепілдікте аласыз.

Ролан Исаев, Шымкенттегі «Керхер» компаниясының дилері: «Дүкен сенімді ақтады. Көптеген алып компаниялар біздің өнімді тұтынып, қызметімізді қуана қарсы алады.»

Халықаралық дәрежеге ие болған «Керхер» Қазақстандағы өкілдігін осыдан үш жыл бұрын ашқан болатын. Дегенмен, компанияның өнімі көптен бері көпшілікке таныс. Жетпіс жылдық тарихы бар компания дәстүрге айналған сапасын, қолжетімділігін, сенімділігін жоғалтқан емес. Сондықтан болар, компания еліміздегі тұтынушыларының нық сеніміне кіріп алған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UwCqRp4GzQ8[/youtube]

Татьяна Цой, тұтынушы: «Керхер» компаниясымен алты жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Жоғары қысымды аппаратының арқасында өндіріс орнымызда гигиеналық тазалыққа қол жеткіздік. Компанияның бұдан әрі де гүлденуін тілейміз.»

Өзінің бір жылдық туған күнінің құрметіне «Керхер» орталығы барлық тауар түрлеріне 10 пайыздық жеңілдік жариялап отыр. Жеңілдіктің уақыты – бір апта. Немістің сапалы тұрмыстық әрі кәсіби техникалық тазалауыш құралын Қазыбек би көшесі №137 үйден сатып алуға болады.