«Тұлпар» көлі саябаққа айналады

657

Қазіргі таңда «Тұлпар» көлінің маңында жылдағыдай шомылуға келген халықты көрмейсіз. Өйткені мұнда құрылыс қарқын алған. Жалпы, көлдің аумаєы 8 гектарды құрайды. Енді осы алқапта ірі саябақ орын тебеді.

Қазір алып техникалар мен құрылысшылардың қолынан темір иіліп, бетон шарбағы тоқылып жатыр. Алдағы уақытта шалшықтың орны қайта суға толтырылады және нағыз демалыс аймағына айналмақ.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=bcVAAR9ZZEA[/youtube]

Мамандардың сөзіне сенсек, аз уақыттың ішінде бұл жер қаладағы ең көрнекті де әсем орындардың біріне айналады. Жасыратыны жоқ, қағаз бетіндегі кескіндемелер көздің жауын алады. Ал жоспардың ойдағыдай орындалуына уақыт төреші. Әзірге құрылыс қарқынды.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=m40LLfCDavI[/youtube]