Автокөлік «әпергіш» алаяқ ұсталды

375

Оңтүстіктің полиция қызметкерлері автокөлікке қатысты алаяқтық жасаған адамды ұстады. Оған бірнеше адамға шетелден көлік әкеліп беремін деп, ақшаларын алып, ізін суытқан деген айып тағылуда. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі хабарлайды.

000

Алғаш болып тәртіп сақшыларына Сайрам ауданының тұрғыны шағымданып келген. Оның айтуынша, жаңа автокөлік алып келемін деген бір азаматқа 32 000 АҚШ долларын беріпті. Алайда ақша да, машина да жоқ.

Арада тағы бір ай өткен соң Шымкенттің 28 жастағы тұрғыны да осындай шағыммен келген. Ол да жаңа көлік үшін 25 000 АҚШ долларын беріпті. Бұл жолы да уәде берген азамат ізім-ғайым жоқ болған.

Алғашқы шағым түскен соң арада екі өткеннен кейін полиция қызметкерлері 38 жастағы Шымкенттің тұрғынын тұтқындады. Оның үстінен алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында бұл сезіктінің осындай бірнеше қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Қазір күдікті қамауда жатыр. Тергеу жалғасуда.