Шабандоздар Оңтүстік астанада сынға түседі

605

31-шілдеден бастап 4-тамызға дейінгі аралықта Алматыда жасөспірімдер арасындағы ұлттық ойындардан ел чемпионаты өтеді. Бұл жолы 1996-1998 жылдары дүниеге келген шабандоздар көкпардан, аударыспақтан және теңге ілуден сынға түспек. Еліміздің әр облысынан, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларынан командалар жиналады деп күтілуде. Олардың арасында шымкенттік шабандоздар да бар.

Көкпарға шақырамыз!

Жерлестеріміз жарыс алдында әр ауданда іріктеу жасап, Оңтүстік құрама командасын жасақтаған болатын. Негізгі оқу-жаттығу жиыны Шымкенттің орталық атшабарында өтті. Ересектер арасында облысымыздың 4 көкпаршысы Азия чемпионы атанғанын ескерсек, жасөспірімдер арасында да жерлестеріміз жүлдесіз қалмайды ден сенеміз. Өйткені, бұл жастар жыл бойында ағаларымен бірге жаттығып, шеберлігін шыңдайды.