Шымкенттің кей аймағында судың берілуі уақытша тоқтайды

375

Республика даңғылының бойында жерасты өткелі салынып жатқаны белгілі. Осы құрылыс жұмыстарына байланысты осы аумақты таза ауызсумен қамтитын құбырды ауыстыру қажеттілігі туындап отыр.

Осыған байланысты бүгін, 3-шілде күні түнгі сағат 00-00-ден таңға дейін Республика даңғылының кейбір жерлері мен 7-орам, Громов, Гагарин көшелерінде қысқа уақытқа судың берілуі тоқтайды.