«Ойыны осылды» деген осы-ау…

592
су шашып ойнағандар қабырғаны да құлатқан
су шашып ойнағандар қабырғаны да құлатқан

Жастар қалалық қазынаға 100 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Орталық саябақта өткен флеш-мобтан кейінгі шығынның көлемін есептеген саябақ әкімшілігі осылай деп отыр. Олардың айтуынша, су шашып ойнаған жастар елуге жуық субұрқақтың тақташалары мен суару құралдарын сындырған. Сонымен қатар, саябақтағы көгалды, бұрқақтағы суды ластаған. Ал флешмобтан кейін тау болып үйіліп қалған пластик бөтелкелерді саябақ әкімшілігі бір күн бойы жинастырыпты.

су шашып ойнағандар қабырғаны да құлатқан
 
әрлеу тақтасының әр данасы  1400-1500 теңге тұрады
Әрлеу тақтасының әр данасы 1400-1500 теңге тұрады

су бұрқақты жарықтандыратын құрылғыларға да зақым келген

тапталған шөп, шашылған бөтелкелер

Айтпақшы, саябақ әкімшілігінің айтуынша, су шашып ойнау барысында бірнеше жастың сөмкесі қолды болып, ұялы телефондары мен бағалы заттары ұрланған. Сонымен қатар 10 адам дене жарақатын алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген деген мәлімет бар.