Сиырдың етін жеген адамдардың денесіне жара шыққан

661
Сиырдан сібір жарасына қатысты ешқандай белгі табылмаған

Сарыағаш ауданында Сібір жарасына шалдыққан деген күдікпен 2 ер кісі ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде айтылды.

Анық болғандай, аталған екі адам мен тағы төрт бірдей азамат Алпамыс ауылында мал сойған. Араларында жергілікті мал дәрігері де болған. Маман ауылдағы ағайынға әлгі сойылған малдың сау екенін айтқан. Біраз уақыт өтісімен еттен тамақ пісіріп жеген екі адамның денесіне жара шыға бастайды.

Олар аудандық аурухананың көмегіне жүгініпті. Ондағы дәрігерлер науқастарды тексеріп, ешқандай аурудың белгісін таппадық деп қайтарған. Ал сойылған сиырдың етін де тексергендер таза деген қорытындыға келіпті.

Сиырдан сібір жарасына қатысты ешқандай белгі табылмаған

Балкүміс Мұсабаева, тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы: «Оқиғаға қатысқан барша адамдар қазір арнайы тексеруден өтіп, алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың жағдайлары қазір ойдағыдай, жақсы. Сынама тапсырып, аурудың ешқандай белгілері анықталған жоқ. Бұған қоса сол ауылдағы мал сойылған жерден топырақ алынып, сиырдың еті де зертханаға жеткізілді. Олардан да күдікті ештеңе табылып отырған жоқ.»