Құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

362

Шымкентте облыстық құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары сотталды. Айыпталушы Альмира Орманшина алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұған қоса ол 3 жылға дейін мемлекеттік қызметтерде басшылық лауазымды атқару құқығынан айрылды.

Орманчина-360x270

Сот Орманшинаны «ОҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшы орынбасары қызметін атқарып жүрген кезінде өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, делдалдар арқылы 6 миллион 850 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп тауып отыр. Сот материалдарына сәйкес, бұл ақшаны айыпталушы бір жауапкершіліг шектеулі серіктестігінің пайдасына мемлекеттік сатып алу ісін шешіп беруге ықпал еткені үшін алған.

Осы тұста ОҚО прокурорлары экс-шенеунік тендер нәтижесіне ықпал ете алмайтын еді, сондықтан ол пара алғаны үшін емес, алаяқтық жасағаны үшін сотталғанын айтады. а не за взятку, а за мошенничество.

Мұнымен қоса сот Орманшинаның көмегімен мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізбек болғандардың бірін 1 жылға соттады. Сунатиляев М. делдалдар арқылы Орманшинаға 850 мың теңге көлемінде пара бергені үшін жазаланып отыр. Ал бұрынғы шенеунікке ауызбастырық берген өзге кәсіпкерлердің ісі тергелуде.

Ал соттың үкімі әлі күшіне енген жоқ. Айыпталушылар оған қарсы 15 тәуліктің ішінде шағымдана алады.