Электр бағанына шыққан адамды тоқ ұрды

617

Шымкентте электр сымын өз бетімен жөндемек болған адам мерт болды. Бағанаға шыққан оны тоқ бірден ұрған.

002

Қайғылы жағдай Шымкенттің іргесіндегі бұрынғы «Откормсовхоз» бөлімшесінде орын алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты апатты-құтқару жасағының мамандары хабарлайды.

003

63 жастағы кісі үйінің жанындағы электр бағанына шыққан. Құлап қалмайын деп, белінен ағашқа байлап та алыпты. Сөйтіп, сымды жалғамақ болған кезде бірден тоқ ұрған. Соның салдарынан қария тіл тартпай кетті.

004

Мұны көрген көршілері дереу құтқарушыларға хабар берген. Оқиға орнына келіп жеткен мамандар марқұмның денесін кран және альпинистік құралдың көмегімен жерге түсірді.  Содан кейін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

[youtube]http://youtu.be/vky-MSKvLE0[/youtube]

Айта кету керек, бұл – осы жазда тоқ ұруға байланысты екінші қайғылы жағдай. 14-шілде күні Шымкенттегі 11-шағынауданның тұрғыны да электр сымын жалғамақ болған кезде опат болған.