Оқушысын өлімге итермелеген мұғалім сотталды

607

Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімді өзіне-өзі қол салуға дейін жеткізгені үшін бұрынғы мектеп мұғалімі 2 жылға бас бостандығынан айрылды.

Қайғылы оқиға өткен жылы Сайрам ауданы, Көлкент ауылында орын алған. Онда 8-сынып оқушысы өзіне-өзі қол жұмсап, асылып қалған еді. Жасөспірім өлер алдында қолхат жазып, онда өз қазасына мектеп мұғалімін кінәлап, оқытушының осындай жағдайға жеткізгенін жазып кетеді. Енді, міне, бір жылға созылған тергеу аяқталып, сот үкім шығарды.

Руслан Әбдірайымов, облыстық прокуратураның №10 басқармасының басшысы: «Сайрам аудандық сотының 2014 жылдың 27-тамызы күнгі үкімімен аталған азаматша кінәлі деп танылып, оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі 15 тәуліктен кейін таңда заңды күшіне енеді.»