Шымкенттіктер тегін жаттығып жүр

482

Енді Шымкенттіктердің басым бөлігі спортпен шұғылданады. Ол үшін әдеттегідей қалтасынан қаражат шығарып, арнайы залдарға барудың қажеті жоқ. Өйткені қала орталығында 6 тренажер алаңшасы қолданысқа берілді. Әл Фараби ауданының әкімдігі осы мақсатқа бюджеттен 10 миллион. теңгеден астам қаржы жұмсапты.

003

Таяуда мамандар аудан аумағында ашуды жоспарланған 6 алаңшаның құрылысы аяқталған алғашқысына барды. Орталық саябаққа орнатылған спорттық жаттығу құралдары жас балалардан бастап егде жасқа келген қалалықтар үшін пайдалы ермекке айналды. Алаңшада 10 түрлі спорттық сайман бар. Оны қолдану жас-кәрі демей, қиынға түспейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0sKyvrthrAw[/youtube]

Дәл осындай алаңшалар қаладағы адам көп серуендейтін Қошқар ата демалыс аймағында, «Шәмші әлемі» гүлзарында, Тәуелсіздік саябағында, «Нұрсәт» және «Спорт» шағынаудандарында ашылғалы жатыр. Ондағы құралдарды орнатқан мердігердер өз ісіне екі жыл бойы кепілдік береді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dyvT4mmdQa8[/youtube]

Бұл алаңшалардың сапасы стандартқа сай дейді мамандар. Алаңша орнататын мердігерлер құралдарды өздері Қарағанды қаласында шығарады.