Халқы есекпен су таситын ауыл бар

1063

Қазығұрт ауданына қарасты Аманкелді ауылының тұрғындары ауызсуға аса мұқтаж. Олар осы уақытқа дейін күнделікті тіршілік нәрін ауыл іргесіндегі жалғыз құдықтан тасып ішуде. Осыдан бес жыл бұрын елдімекенге аудан әкімдігі су жеткізіп берген.

001

Алайда тіршілік нәрі ішуге жарамсыз болып шығыпты. Енді амалы таусылған жұрт сол жарамсыз суды тұтынуға мәжбүр. Ауыл маңындағы жалғыз құдықтан су алуға келген жұрт кезекке таласып, төбелесіп те қала жаздайды.

002

Көбіне Гүлнәр Тұржанова секілді әйел адамдар еркектердің соңында қалып қояды. Сөйтіп, жер асты суының шамалы болса да жиналғанын күтуге мәжбүр. Құдықтың басында екі сағат күтіп, тіршілік нәрін шелектеп жинайды. Оны есекке артылған көліктің резіңке камерасына құяды. Үйге апарып тұндырып, аса-ауқатқа пайдаланады.

003

 Гүлнар Тұржанова, Аманкелді ауылының тұрғыны: «Құдық басында кезекке тұру, әсіресе, жазда қиын. Өйткені, 40-50 градус ыстықта бастан күн өтіп, қан қысымымыз түсіп кетеді. Соған қарамастан бір құлап, бір тұрып кете береміз.»

Бүгінде Аманкелді ауылында жүзге жуық шаңырақ бар. Халық қазір де тіршілік нәріне телміріп отыр. Ес білгелі суды осы жалғыз құдықтан тасып ішуге мәжбүр. Әзірге жергілікті халық құдық суын үйді-үйге тасымалдауға кәдімгі есекті пайдаланады. Оның өзі таптырмас жануар көрінеді. Ал су құйылатын резіңке камераны Шымкенттен арнайы 1500 теңгеге алдырады.

Аманкелдіге таза су жеткізу мақсатында 2009 жылы бұрынғы су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол құбырға тіршілік нәрі осы маңдағы «Мырзакелді» жер асты бұлағынан келіп құяды. Бірақ, сол судың өзі жарамсыз. Оны растайтын құжат та бар.

Махамбет Бейсебаев, Аманкелді ауылының ақсақалы: «Бұл су жөнінде аудан әкіміне 5 рет бардық, облыс әкіміне де бардық. Ол да жақсы біледі мұны, бізге ауданнан да, облыстан да ешқандай көмек жоқ

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qwMdcAGNL9Q[/youtube]

Ал бүгінде тұрғындар жарамсыз суды ішуге емес, тек тұрмыстық су ретінде пайдаланады. Бұл мәселеле төңірегінде Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Бахтияр Мамаев «Жалпы, су ащы екенін білеміз. Ол жерге мембраналы су тазартқыш қондырғыны былтыр жоспарлап, биылға қаржысы қаралып, жеңімпаз анықталған соң, екі аптаның көлемінде қойып, орнатып береміз» деп отыр. Сол қондырғы орнағанша ауылдағы ағайынға құдықтан су іше тұруына тура келеді.