Жұмысшы екінші қабаттан құлап қалды (видео)

222

Шымкенттегі «Қазығұрт» шағынауданындағы құрылыс басында қайғылы жағдай орын алды. Құрылысшылардың бірі жұмыс істеп жүріп, жазатайым жағдайға ұшырады.

002

Өзбекстаннан келген 49 жасар азамат бастырманың шатырын жабу кезінде 2-қабаттан төмен қарай құлап кеткен. Соның салдарынан жұмысшы ауыр жарақат алды. Зардап шеккен кісі, тіпті, өз еркімен денесін көтере алмай қалған. Қасындағы жұмысшылар дереу құтқарушылар мен жедел жәрдемге хабар береді. Оқиға орнына келген дәрігерлер зардап шегушіге алдымен ауырсынуды басатын дәрі салады. Содан кейін арқанның көмегімен ер кісіні төмен түсірді. Ары қарай арнайы көлік жұмысшыны ауруханаға алып кетті. Қазір оқиғаның орын алу себептерін Абай полиция бөлімінің мамандары тексеріп жатыр.

[youtube]http://youtu.be/3iTAycxTgGQ[/youtube]