Úı Oqys oqıǵa Құбыр тесіліп, ыстық су ақты

Құбыр тесіліп, ыстық су ақты

Жылу маусымы басталғаны сол екен, жүйенің құбыры жарылды. Ш. Қалдаяқов көшесіндегі үйлердің ауласында бүгін келеңсіз жағдай орын алып, тұрғындар әбігерге түсті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LWxjWCxoeLw[/youtube]

002«Медтехника» дүкенінің маңындағы жылу жүйесінен атқылған ыстық судың биіктігі 3 метрге дейін жетті. Құбырдан аққан су балалар алаңшасының біраз бөлігіне жайылды. Куәгерлердің айтуынша, ыстық су бірнеше сағаттан бері атқылап жатыр. Арықтар толып, су енді жолға аға бастаған.