Батпаққа айналған көше, қоршалмаған қарьер…

427

Құрметті журналистер! Сіздерге өтініш жазу себебім, Қайтпас-1 елдімекенінде, Ақбаев көшесінде, № 232 үйде тұрамыз. Көшіп келгенімізге 20 жыл болса да мемлекеттік газ, жол және баска да қызметтер жоө. Жанымызда карьер күні-түні жұмыс жасайды.

Ол қоршалмаған, балалардың өмірі үшін алаңдаймыз. Ауыр көліктер, машиналар күні-түні біздің көшемен жүреді. Жолымыз балшық. Балалар түгілі машиналар батып кетеді.

Қоқыс жинау қызметі бізге келмейді. Біз қоқысты қайда тастаймыз? Осы мәселелерге бір шара қолдануларыңызды сұранамын. Нұр үстіне нұр болар еді.

Сейдазимова Ақмарал