Базардағы қауіпсіздікке басшылары жауапты

309

Шымкенттің базарлары неге жиі өртенеді? Күні кеше ғана бір түнде екі ірі сауда орталығынан өрт шығып, біраз дүние жанып кетті, біраз саудагер шығынға ұшырады. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ.

002 (2)

29-қазаннан 30-на қараған түні Шымкентте екі бірдей базарда қоймалар өртенді. Түнгі екіде – «Автонұр», ал таңғы 5-ке жуық «Алаш» базарына өрт сөндірушілер аттанады. Екі жағдайда да өрт ауқымды болмағанымен, біраз дүние өртеніп кетті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BCSMSTcOszQ[/youtube]

Әдетте күн суығанда төтенше жағдай қызметінің мамандары ададар көп жиналатын орындарды тексеріп, өрт қауіпсіздігін бақылайтын. Бірақ, биыл емес. Себебі, шағын кәсіпкерлерді тексеруге болмайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=v2yJ1KsApOY[/youtube]

Дегенмен, төтеншеліктер мораторий екен деп қарап отырмай, бұған дейін базар басшыларымен өрт қауіпсіздігіне байланысты дөңгелек үстел өткізгендерін айтады. Бұл шара алдағы уақытта да қолға алынбақ. Ал бұл жолғы өртке кінәлі адамдарға айыппұл салынады дейді департамент басшылары. Осы тұста өрт сөндірушілер базардағы қауіпсіздікке басшылары жауапты екенін тағы да еске салады.