Шәмші Қалдаяқов көшесінің тұрғындары енді таза су ішеді

718
таза суға қол жетті

Қаладағы Шәмші Қалдаяқов көшесінің тұрғындары таза ауызсуға қол жеткізді. Ескі құбырлардан сапасыз су ішіп келген көпшілік енді сүзгіден өткен таза суды пайдаланатын болады. Су арнасы мамандары көпқабатты үйдің құбырларын жаңалап, тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз етіп отыр.

таза суға қол жетті

Таза ауызсу бұған дейін жергілікті тұрғындар үшін арманға айналып келген еді. Тозығы жеткен су жүйелерінің жайы, әсіресе, көпшілік аманатын арқалаған үй комитеті төрағасын қатты алаңдататын. Осыған дейін ескі құбырлардан келетін суға күманмен қарайтынбыз дейді ол.

Мұндағы су жүйелері жылдар бойы жөндеу көрмей келген. Жаңа құбырларды орнату жұмыстары былтыр ғана қолға алынды. Су арнасы мамандары бірнеше күннің ішінде су жүйелерін түгелдей жаңалап шықты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rQ7NTi6Go5s[/youtube]

Пластикалық құбырлар орнатылып, үйдің алдына замануи қондырғы қондырылды. Бүгінде елдімекенде су құбырларын ауыстыру жұмыстары 90 пайызға аяқталған. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС жаңалау жұмыстарын «Еуразиялық даму банкінің» қаржылық қолдауымен іске асырып отыр. Кәсіпорын көп қабатты үйлердегі құбырларды жөндеу жұмыстарының барлық шығынын өз мойнына алған.