Түлкібаста жаңа нысандар ашылды

324

Түлкібас ауданының бірқатар ауылдарында жаңа нысандар ашылып, халық игілігіне берілді. Соның бірі – Кемербастау ауылында полиция пункті салынып, салтанатты түрде ашылды. Нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 3 миллион 200 мың теңге бөлінген.

002 (1)

Сонымен қатар Жабағылы ауылында 34 миллион 275 мың теңгеге мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Мәдениет үйі барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.

002 (2)

Сол күні аталған ауылда облыстық бюджеттен 224 миллион теңгеге жаңа балабақшаның қазығы қағылды. Құрылысты мердігер «Үйтас» ЖШС атқармақ. Балабақша келер жылы балаларға есігін айқара ашады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Жабағылы ауылында балаларға арналған балалар алаңшасы да пайдалануға берілді. Балалар алаңшасының құрылысына аудандық бюджеттен 6 миллион теңге бөлінген. Аталған жаңа нысандардың ашылуында аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихаттың депутаты К.Жартыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев сөз сөйлеп, халықтың қуанышымен бөлісті.

Дереккөз: Түлкібас аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі