Еліміздегі дәрінің жартысы Шымкентте жасалады

351
Еліміздегі дәрі-дәрмектің жартысы Шыкентте жасалады

Жаңа өндіріс орнына жаңа мамандар қажет. Шымкентте фармацевтикалық зауытқа қажетті инженер-технологтарды оқытады. Бұл жұмыс индустрияландыру картасына 2 жыл бұрын енгізілген. Содан бері кезең бойынша жаңа цехтар іске қосылуда. Бұдан былай мамандарды тек академияда ғана емес, өндіріс орнының өзінде де даярлайтын болады.

Фармацевтикалық зауыт жылына 350 миллион ампула мен 4 миллион ерітінді дәрі өндіруі тиіс. Алайда бұл жоспар жаңа кешеннің қосылуымен көктемде-ақ орындалған. Енді қазақстандық дәрі-дәрмектердің жартысы осында жасалады. Бұл – инвестициялық бағдарламаның орындалған бір ғана бөлігі.

Еліміздегі дәрі-дәрмектің жартысы Шыкентте жасалады
Еліміздегі дәрі-дәрмектің жартысы Шыкентте жасалады

Рустам Байгарин, фармацевтикалық компанияның инвестициялық директоры: «Халықаралық ДЖЭМПИ сапасы бойынша екі өнеркәсіп желісі жаңарды. Алдағы 5 жылда бұл салаға 100 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынбақ. Ең бастысы – қарапайым халықты бағасы қолжетімді сапалы дәрімен қамту.»

Зауыт тек халықаралық сапа талабы бойынша жұмыс жасауы тиіс. Әйтпесе кез келген елдің нарығына шығу жолы жабылады. Мұнда заманауи технологияға мұқтаждық жоқ. Бірақ сапалы өнімді даярлап шығаратын маман тапшы. Сондықтан оқу орны мен мекеме біріне бірі жағдай жасауда арнайы меморандум жасады.

Бахытжан Сексенбаев, фармацевтикалық академия басшысы: «Елімізде фармацевтикалық салада жетекші мамандар тапшылығы байқалады. Осыған байланысты біздің оқу орнында инжинер-технолог мамандығы ашылды. Қазір мамандар тәжірибеден өтіп, біліктілігін арттыруда.»

Асхат Кәрибай, студент: «Біз ол жақта технологиялардың жұмыс істеу принциптері, дәрілердің жасалатынын теориялық түрде ғана емес практикалық түрінде де көрдік. «Он естігенше бір көрген артық» деген бар емес пе? Жаңа технологиялардың көмегімен біздің жұмыс өте оңайға түсуі мүмкін.»

Бұл тәсіл тек әріптестік қана емес. Фармацевтикалық кластерді қалыптастыруда алғашқы қадам. Жоба алдағы бес жылда жүзеге аспақ. Мемлекет жобаны жан-жақты қолдамақ.