Он айда 3131 отбасында дау-жанжал тіркелген

87
Фотосурет ғаламтордан алынды

Облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері 2014 жылдың 10 айында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және туындаған жағдайлар мен себептерді жою аумақтық жерлердегі өңірлік жоспарға негізделеді.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» қабылданған заңдардың талаптарын орындауда тәртіп сақшылары отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады. Сондай-ақ, құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа құжаттарды жібереді.

Бүгінгі таңға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде отбасының шырқын бұзған 134 тұлғаға барлығы 196 312 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар 88 басбұзар және 90 адам әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген 59-1-бабына сәйкес құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы сот арқылы қаулы қабылданып, профилактикалық есепке алынды.

Жалпы, 2014 жылдың 10 айында облыс көлемінде учаскелік полиция инспекторлары отбасылық дау-жанжалға байланысты 3131 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырыпты. Соның ішінде ұрып-соғу бойынша әкімшілік жауапкершілікке — 226, отбасындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша — 919, әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстің 355-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 134 тұлға тартылды.

Мысалы, Шымкент қаласының тұрғыны, 1971 ж.т. азамат өз үйінде жанжал шығарып, бұрынғы әйелі 1976 ж.т., азаматшаны балағаттап, кемсітіп, қорлап, үй тыныштығын бұзып, мазасын алған. Бұл оқиға бойынша шу шығарған азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қорғау нұсқамасы шығарылды. Алайда, ол азамат қойылған қорғау нұсқаманың талаптарын бұзып, бұрынғы әйеліне тағы тиіскен. Осыған байланысты басбұзардың үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Соның нәтижесінде заңды бұзған азаматқа айыппұл салынды, сонымен бірге оның мінез-құлқына байланыты үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.