Соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 100 айлық есептік көрсеткіш есебінде бір реттік материалдық көмек беріледі

636
ардагерлер ардақталады

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік ақшалай көмек беріледі. Ал соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге берілетін мұндай көмек 5 айлық есептік көрсеткішке тең.

ардагерлер ардақталады

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жеңіс тойына дайындығы пысықталған жиында мәлім болды. Сала мамандары барлық аудандар мен қалаларға жергілікті бюджеттерден осынау қаражаты қарастыру туралы тапсырма беріп отыр.

Айта кетейік, бүгінде облыста 478 соғыс ардагері, 3000 мыңға жуық соғыс мүгедектеріне теңестірілген азамат және 23 мыңға тарта тыл еңбеккері тұрып жатыр. Еңбегі елеулі жандарға Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында лайықты құрмет көрсетуді ұйымдастыру арнайы комитетке жүктеліп отыр.