2015 жылғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер

1069
Зейнетақы 9 пайызға көбейеді

Келер жылдан бастап зейнетақы көлемі 9 пайызға артады. Бұнымен қоса мемлекеттік жәрдемақы көлемі де 7 пайызға өседі.

 

2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап: айлық есептік көрсеткіш 1982 теңгеге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 21364, базалық зейнетақы мөлшері 11182 теңгеге дейін көтеріледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш өзгергендіктен, барлық әлеуметтік және арнаулы жәрдемақылар мен зейнетақы мөлшері де жаңа жылдан бастап біршама артады.

Яғни, мүгедектерге:

І топ – 30337 теңге;

ІІ топ – 23715 теңге;

ІІІ топқа 16664 теңге төленеді

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 22433 теңге

16 жастан асқан мүгедек балаларға:

І топ – 30337 теңге;
ІІ топ – 24783 теңге;
ІІІ топқа 19442 теңге тағайындалады.

Асыраушысынан айырылғандар:

 

1 балаға- 14 742 теңге;
2 балаға – 25 424 теңге;
3 балаға – 31619 теңге;
4 балаға – 33542 теңге;
5 балаға – 34610 теңге;
6 және одан көп балаға 36106 теңге жәрдемақы төленеді.

Тұл жетімдер:

1 балаға – 20 083 теңге;
2 балаға – 40 165 теңге;
3 балға – 60 247 теңге;
4 балаға – 80 329 теңге;
5 балаға – 100411 теңге;
6 және одан басқа балалардың әрқайсысына 9186 теңгеден беріледі.

Әлеуетті құрылымдағылар:

1 балаға – 20083 теңге;
2 балаға – 36106 теңге;
3 балаға – 47642 теңге;
4 балаға – 54906 теңге;
5 балаға – 61315 теңге;
6 және одан көп балаға 43797 теңге алады.

Айлық есептік көрсеткіштің 1982 теңгеге көбеюіне байланысты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы:

1, 2 және 3-ші балаға – 62255 теңге
4-ші және одан көп балаға 103758 теңгеге артады.

1 жасқа дейінгі бала күтіміне:

1 балаға – 11417 теңге;
2 балаға – 13498 теңге;
3 балаға – 15559 теңге
4 және одан көп балаға – 17640 теңге тағайындалады.

Ескерту: Егер жас ана декреттік демалысқа шықпай тұрып жұмыс істеген болса, онда 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері оның жалақысының мөлшеріне қарай тағайындалады. Ол мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді.

Мүгедек баланы тәрбиелегені үшін 22433 теңге төленеді.

№1 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер – 18671 теңгеге;
№2 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер – 16610 теңгеге ұлғаяды.

Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік және арнайы жәрдемақыларды алатын отбасы мүшесі қайтыс болған жанұяға – 31118 теңге;

ҰОС қатысушысы немесе ҰОС мүгедегі қайтыс болған жанұяға – 72542 теңге төленеді.