Шымкентте миға пышақсыз ота жасалды

481

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында Франциядан келген маман инсульт алған 2 адамның ми тамырларына заманауи құрылғылармен пышақсыз ота жасады. Франциялық нейрохирург бұған дейін де шымкенттік мамандарға тәжірибесін үйретіп, білгенін бөлісіп келеді.

001

Қателікке бой алдырмау үшін отаның барысы ангиограф арқылы бақылануда. 11 сағатқа созылатын ота барысында жергілікті мамандар біліктілігін шыңдап, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып отыр.

Санита Понамарева, невроинвазивті радиолог: «Ота оңай болған жоқ. Әр науқасқа 6 сағаттан, жалпы 11 сағат жұмсалды. Бірақ айта кететін жәйт, мұндағы дәрігерлер өте білікті әрі тез үйренеді екен. Бұл – менің мұнда екінші келуім. Бұл жолы мен бақылап отырдым. Барлығын өздері жасады.»

Ем-дом жасалмаса қан айналым жүйесі бұзылып, салдарынан науқас өліп кетуі мүмкін. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін ертеректе бас қақпағын ашып ота жасау керек болған болса, жаңа құрылғы арқылы пышақтың көмегінсіз, тамыр ішімен ота жасауға болады.

Айта кетейік, жыл сайын дүние жүзінде 6 миллион адам инсультке шалдықса, соның жартысы осы дерттен көз жұмады. Ал еліміз қан айналымы бұзылған науқастардың санының көптігі жағынан әлем бойынша 3 орында тұр.