Түркістанда төрт балабақша ашылды

851

Түркістан қаласында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында төрт балабақша ашылып, ел игілігіне берілді. Осылайша түркістандық бес жүзге жуық бүлдіршін балабақшаға баруға мүмкіндік алды.

001

Үшқайық ауылдық округінде орналасқан «Алтын ұя» бөбекжай-бақшасы 120 орынға шақталған. Құрылысы мемлекет қазынасынан қаржыландырылған нысанға 249 млн. теңге бөлініп, алты айда соғылып бітті. Бөбекжай заман талабына сай жабдықталған. 

002

Сондай-ақ, осы күні жалпы саны 340 орындық, жеке кәсіпкерлердің қаржысына салынған «Әмина», «Бота», «Анажан ана» балабақшалары да есіктерін айқара ашып, жас бүлдіршіндерді қабылдады. Тиісті талаптарға сай бой көтерген бұл мекемелерде балғындарға қажетті жағдай жасалған.

Осы балабақшалардың пайдалануға берілуінің нәтижесінде жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Салтанатты шараларға арнайы қатысқан Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі.

003

Айта кетейік, 2009 жылы Түркістанда балаларды балабақшамен қамту ісінің көрсеткіші небәрі 9 пайыз болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 76,50 пайызға жетіп отыр.

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі